ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР БАСТАЛДЫ!

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР БАСТАЛДЫ!

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымызға қарасты кенттер мен ауылдық округтерінің тұрғындарымен жаңа бағытта кездесу өтті. Аталмыш кездесу Ақшоқы, Талды, Нұраталды елді мекендерінен басталып, аудан басшысы мен тиісті сала бөлім басшылары қатысты. Жаңа бағыттағы кездесу барысында жергілікті тұрғындардың басым сұрақтары жер алу, жұмысқа тұру және қайтарымсыз мемлекеттен берілетін грант секілді өзекті мәселелер қозғалып жатты. Осыған орай, өз кезегінде аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелерге заң аясында жауап беріп, іс-шара жоспары құрылып, жеке бақылауында болатынын жеткізді.