ПОШТА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ПОШТА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Кеше 9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні мерекесіне орай аудан әкімі М.Мұхтаров сала қызметкерлерін салтанатты түрде аудандық әкімдіктің мәжіліс залында қабылдады. Аталмыш қабылдауда аудан басшысы пошта қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, аудандық пошта торабы қызметкерлері мен сала ардагерлеріне арнайы аудан әкімінің құрмет грамотасымен, алғыс хаттарын табыстады.