
Аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Аталмыш отырыстың күн тәртібі бойынша бірінші 2023-2024 жылдардың қыс мерзіміне елді мекендердің автокөлік жолдарының дайындығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екінші мәселе ағымдағы жағдай бойынша халықты коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету, қысқы мал азығы жем-шөп бағасын тұрақтандыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мен БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыстары туралы мәселелер қаралды. Осыған орай, атқарылған жұмыстар мен алда тұрған жоспарлар бойынша жауапты бөлім басшылары баяндамалар жасады. Сонымен қатар, аппараттық кеңесті қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары кенттер мен ауылдық округтер әкімдеріне және мекеме басшыларына барлық көтерілген мәселелер бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.