Құрметті ауданымыздағы пошта қызметкерлері!

Құрметті ауданымыздағы пошта қызметкерлері!

Қадірменді сала ардагерлері!

Сіздерді ауданымыздағы барша тұрғындар атынан бүгінгі төл мерекелеріңіз - дүниежүзілік пошта күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған" айтулы саланың халқымызға тигізіп отырған пайдасы орасан зор. Қалалар мен ауылдарды, құрлықтар мен мұхиттарды бір - біріне жалғап, әлемнің күретамырына айналып үлгерген пошта саласы жылдан жылға қанат жайып, ел игілігіне қалтқысыз қызмет етуде.
Оның ішінде әр күн сайын тұрғындарымыз үшін сапалы қызмет пен ыңғайлы жүйелерді қабылдап, еліміздің цифраландыру саясатына өз үлестерін қосып келе жатқан ауданымыздағы пошта саласының ардагерлері мен қызметкерлері қашанда жоғары құрметке лайық.
Осынау қуанышты күні қиын - қыстау кезеңдерде пошта саласының өркендеуіне еселі еңбек етіп, көнермес қолтаңбаларын қалдырған барша пошта саласының ардегерлеріне өз алдына алғысымды жеткізіп, сала қызметкерлеріне де шынайы ризашылығымды білдіремін.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жауапты да құрметті қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін. Пошта қызметі әрбір шаңыраққа қуанышты хат - хабарлар сыйлай берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров