АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ!

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ!

Халықтың күнделікті тіршілігінде шешімін таппай жүрген мәселелер аз емес. Осыған орай, бекітілген кестеге сәйкес тұрғындардың түрлі мәселелеріне, олардың шешілуіне мүмкіндігінше ықпал ету мақсатында бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Аудан басшысының жеке қабылдауына келген тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар мәселелерін алға тартты. Әрбір тұрғынның мәселесін ден қойып тыңдаған аудан басшысы олардың заң аясында шешімін табуын және өзінің жеке бақылауына алғанын жеткізді.