АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАБУДА

АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Аудан әкімі М.Мұхтаров Талды ауылдық округіне қарасты Берекетті ауылына барып, ауыз су мәселесін қарап округ әкіміне сметалық құжаттарын дайындауды тапсырды. Сондай-ақ, аудан басшысы Ақшоқы ауылдық округіне қарасты Ақшоқы, Ақбауыр және Нұраталды ауылдық округіне қарасты Қызылқой ауылдарына тартылып жатқан таза ауыз су жұмыстарын көріп, жауапты мердігерлерге сметалық құжаттарға сәйкес сын-ескертпелер айтып, сол тапсырмаларды орындауды тапсырды.