АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШІ ҚАРАЛДЫ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШІ ҚАРАЛДЫ

Жуырда ауданымыздағы Ақжал кентіне қарасты Қарабұлақ ауылының бір топ тұрғындары атынан тұтынып отырған таза ауыз су қорының мөлшері шамадан тыс азаюына байланысты өтініш түскен болатын. Осыған орай, кеше аудан әкімі М.Мұхтаров іс - сапармен Қарабұлақ ауылында болып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселені шешу жолдары қарастырылды. Нақтырақ айтқанда,
ауыз су дебетінің төмендеуі себепті, су ұңғымасына тазалау жасау және қосымша сараптама қорытындысы алынған жерден тағы бір су ұңғымасын қазу қажеттігі туралы шешім қабылданды. Бұл туралы аудан басшысы кент әкіміне қажетті сметалық құжаттарды дайындауды тапсырып, алдымыздағы мәслихат сессиясының отырысында бұл мәселені бірінші кезекте көтерілетінін жеткізді.