Аудандық мәжіліс залында «Ауыл аманаты –ел аманаты» атты дөңгелек үстел өтті

Аудандық мәжіліс залында «Ауыл аманаты –ел аманаты» атты дөңгелек үстел өтті

Аудандық мәжіліс залында «Ауыл аманаты –ел аманаты» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров, «Qazaqstan dauiri» газетінің директоры С.Мешітбаева және Қарағанды облысы бойынша «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Б.Алтынбековтың төрағалығымен және қоғамдық кеңес төрағасы, ауыл ақсақалдары, сала бөлім басшылары, мектеп директорлары мен мұғалімдер қатысты. Сондай-ақ, жиынның мақсаты ҚР президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауын насихаттау, ауыл шаруашылық саласының дамуы, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ауыл мектебінің қазіргі жай-күйі және «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асуы сынды мәселелер талқыға салынды. Сонымен қатар, кездесуге қатысқандар арасында аталмыш мәселелерге байланысты туындаған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауабын ала алды. Жиын соңында С.Мешітбаева осы құнды мәселелерді көтеруде жанкешті еңбек етіп жүрген қазақ баспасөзіне жазылуды насихаттап, ауыл-аймақпен осылай өзара байланыстарын нығайтатынын жеткізді.