АУДАН БАСШЫСЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАУДА!

АУДАН БАСШЫСЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАУДА!

Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс-сапармен аудан аумағындағы ауылдық елді-мекендерді аралауда. Сапар барысында аудан әкімі Үңірек ауылдық округіне қарасты Қармыс ауылына салынатын балалар ойын алаңының орынын белгілеп, Байғозы батыр қызы, Ағыбай батырдың анасы Қойсана анаға көтеріліп жатқан мазардың құрылысымен танысып, С.Сейфуллин кентіндегі екі қабатты тұрғын үйдің жаңадан ауысып жатқан қасбетін және кент ішілік жолдардың орташа жөндеу жұмысы мен көп балалы, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға бірінші нарықтан сатып алынатын тұрғын үйлердің құрылысын қарап өтті. Осыдан кейін, Бұрма ауылындағы ФАБ пен мәдениет үйіндегі отқазандығының сыртқа шығару құрылысын, сонымен қатар, Красная Поляна ауылындағы орталық көшеге орнатылған қоршауларды және ойын алаңының құрылысымен танысты. Барлық жерде аудан басшысы құрылыс нысандарына жауапты мердігерлермен кездесіп оларға бірқатар тапсырмалар беріп, ауыл, кент әкімдеріне жұмыс сапасын қадағалауды қатаң тапсырды.