
Аталмыш фестиваль аясында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында командалық жарыста ауданымыздың командасы жеңімпаз атанды. Жартылай финалда балуандарымыз Сарышыған кұрамасын жеңіп, ақтық мәреде Балқаш қаласының командасымен кездесіп, жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды.