
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 27 жұлдызында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен орталық стадионда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамасын біліп, мәдениетінің қалыптасуына байланысты «Tartyl Fest» турникке тартылу сайысы өтті. Сайыстың ашылу салтанатында жастар ресурстық орталығының директоры А.Ахметов ауданның мекеме жастарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалары туралы түсіндірме жұмыстарымен таныстырып, қатысулыларға сәттілік тіледі. Аталмыш сайыс қорытындысы бойынша екі ІІІ орындарға М.Садвакасов пен Н.Тұрсынбаевтар қол жеткізсе, ІІ-екінші орынды Е.Баймурзин иеленді, жүлделі І-ші орынды А.Бекеев жеңіп алып мерейлері үстем болды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар, медаль, мадақтама қағазымен марапатталды.