
Тіл мәртебесі- ұлттың айнасы
27 қыркүйек күні Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен еліміздегі тіл саясатын көпшілікке кең ауқымда түсіндіру және әлеуметтік желілерде қазақ тілді контентті дамыту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында « Ұлттық жаңғырудың негізі- тілдік жаңғыру» атты аудандық семинар өткізілді. Семинарға ауылдық округ, кент әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер, тіл мамандары, тіл жанашырлары, БАҚ өкілдері офлайн және шалғай орналасқан ауыл,кенттердің мамандары, мұғалімдер «ZOOM» платформасы арқылы, жалпы барлығы 91 адам қатысты. Тіл мәртебесін ұлықтау шарасына арнайы шақырылған спикерлер Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Мұсабеков Ерсін «Тіл мәртебесін көтерудің өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мәселесі», Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Тоқатов Руслан «Қазақ тілінде азаматтық құқық саласындағы заң шығарушылықтың маңызды мәселелері», Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының директоры, педагогика ғылымдарының магистрі Иген Алмагүл «Сауатты сөйлеп жүрміз бе?», Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры,филология ғылымдарының докторы Жарылғапов Жансая «Бүгінгі қоғамдағы тіл мен көркем әдебиет ахуалы» тақырыптарында баяндамалар жасады. Жарыссөзде қатысушылар өзара ой –пікірмен алмасып, ұсыныстарын жеткізді.
Аудан көлемінде өткізілген бұл шара еліміздегі тіл саясатын және құқықтық терминдерді қазақ тілінде дұрыс қолдана білуді, БАҚ арқылы тіл мәселесін насихаттаудың дұрыс жолдарын,әлеуметтік желілердің мемлекеттік тілде қаралымы, таралымы көп болуына ықпал етіп, аудиторияға біраз ақпарат берді деген ойдамыз. Алдағы уақытта мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге бағытталған шаралар жалғасын табады.
Тіліміздің мәртебесі биік, тұғырлы болсын!