
Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында кезекті аппарат отырысы өтті. Аталмыш аппарат отырысына аудан әкімінің орынбасарлары мен ауданның сала бөлім басшылары аудандық мәжіліс залына келіп қатысса, ал, ауыл, кент әкімдері ZOOM қосымшасы арқылы қатысты. Отырыс барысында аудан әкімі алдымен жаңа сайланған ауыл, кент әкімдерін және басшыларын таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, күн тәртібінде нақты сектор саласындағы кәсіпорындардың өнім көлемдерінің орындалысы және екінші мәселеде баға тұрақтылығы талқыланып, жоспар құрылды. Сондай-ақ, жиында ағымдағы жағдай мәселелеріде қаралды. Айтулы мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары баяндамаларын жасап, шешу жолдары талқыға салынды.