
Жуырда Қарағанды қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдо күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатта жерлестеріміз 90 келіге дейін салмақ дәрежесінде Ұлан Алтаев күміс жүлдені місе тұтса, 60 келі салмақ дәрежесінде Алдияр Қарғұлов қола жүлдеге қол жеткізді. Осы орайда, жерлестерімізді жүлделерімен құттықтай отыра, алдағы байрақты бәсекелерде бағы жансын демекпіз.