АҚАДЫР КЕНТІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ

АҚАДЫР КЕНТІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ

Ауданымызға қарасты Ақадыр кентінің әкімі болып Қойшыбаев Мерей Жасұланұлы сайланды. Жаңа әкімді аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы құттықтап, алдағы атқарар жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов арнайы куәлігін табыс етті. Сондай – ақ, аудан басшысы сапар барысында кенттегі көп қабатты үйлердің отқазандықтарының жылыту маусымына дайындығын қарап, Ә.Ермеков атындағы мектептің қосымша жасалып жатқан құрылысын және кенттегі тұрғын үйлердің құрылысын көріп, жауапты мердігерлерге бірқатар тапсырмалар беріп, жаңа сайланған әкімге назардан тыс қалдырмауын ескертті.
Қойшыбаев Мерей Жасұланұлы - 1985 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кентінде туған. 2023 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінде "дене шынықтыру және спорт менеджменті" мамандығы бойынша бітірген. Мерей Жасұланұлы 2015 жылдан «Ақадыр Қайырымдылық қоры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 2020 жылдан бүгінгі тағайындалғанға дейін «Ғұмыр» ЖШС-нің директоры қызметін атқарды.