МОЙЫНТЫ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ!

МОЙЫНТЫ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ!

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде өткен сайлау нәтижесі бойынша Турабеков Саяхат Жаманқұлұлы Мойынты кентінің әкімі болып сайланды. Кент әкімін аудан басшысының орынбасары Д.Карсембаев құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов арнайы куәлігін табыс етті.

Турабеков Саяхат Жаманқұлұлы - 1976 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінде дүниеге келген. 1995 жылы Новоишим совхоз - техникумын «зоомалдәрігері», 2004 жылы Қазақстан-Ресей қазіргі заман гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Осыған дейін, Шет ауданының Мойынты кентінің әкімі болып қызмет атқарды.