
Ауданымызға қарасты Ақшатау кентінің әкімі болып Сеилбеков Нұрлан Төкенұлы сайланды. Жаңа әкімді аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы құттықтап, алдағы атқарар жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов арнайы куәлігін табыс етті.
Сеилбеков Нұрлан Төкенұлы - 1978 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында туған. 2005 жылы “Болашақ” Актуалдық институтын “құқықтану” мамандығы бойынша бітірген. Нұрлан Төкенұлы 2012-2019 жылдар аралығында ХҚКО Шет аудандық #1 бөлімінің басшысы, 2019 жылдан бүгінгі тағайындалғанға дейін Шет ауданының тіркеу және жер кадастр бөлімінің басшысы қызметін атқарды.