
Аталмыш кездесуге аудан әкімінің қолдауымен облыстық және Астана қаласында өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына Қарағанды облысынан қатысқан жерлестеріміз Амриндер және «Парасатты отбасы» байқауына қатысып «Шығармашыл отбасы номинациясының иегері Арыстанбековтер отбасымен кездесу өтті. Аталмыш кездесуде аудан басшысы М.Мұхтаров ауданымыздың өнегелі отбасыларын шын жүректен құттықтап, бағалы сыйлықтарын табыс етті. Өз кезегінде Амриндер мен Арыстанбековтер отбасысы ескеріп шақырған аудан басшысына алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді. Шара соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.