Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М. Мұхтаров жақында жеңімпаз атанған спортшыларды қабылдады

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М. Мұхтаров жақында жеңімпаз атанған спортшыларды қабылдады

Бүгін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаров жуырда Орал қаласында самбодан спорт шеберлері арасында 95 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы С.Айнатаевты және 71 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Ж.Сейсембековты қабылдады. Аталмыш кездесуде аудан басшысы ауданымыздың намысын әлемдік деңгейде танытып жүрген саңлақ спортшыларымызды құттықтап, қаржылай және бағалы сыйлықтарын табыс етті. Өз кезегінде ардагер спортшыларымыз шақырып құттықтап жатқан аудан басшысына алғыстарын білдіріп, елі үшін әліде аянбай тер төгіп, еңбек ететінін жеткізді.