
Айтулы отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. «Жер комиссияларының жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы».
2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар үшін бөлінген бюджет қаражатын игерудің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар туралы».
Күн тәртібінде көтерілген тақырыптар аясында тиісті сала бөлім басшылары баяндама жасап, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, аудан басшысы аталмыш жұмысты тұрақты бақылауға алып, барлық қажетті іс-шараларды іске асыруды тапсырды.