КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Жуырда «Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің» басшысы болып, 33 жастағы Салимбаев Мади Жексенбекұлы тағайындалды. Жаңа басшыны аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тілеп, үлкен сенім білдірді.
Салимбаев Мади Жексенбекұлы – 1989 жылы Шет ауданына қарасты Ақсу – Аюлы ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін «құқықтану» және 2014 жылы аталмыш университтетте «заң» ғылымдарының магистрі бойынша тәмәмдаған.
Мади Жексенбекұлы алғашқы еңбек жолын 2012-2013 жылдары аралығында «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-де іс жүргізуші, 2013-2019 жылдары аралығында «Шет ауданы Жамбыл кенті әкімінің аппараты» ММ-де бас маман, 2021 жылдан бүгінгі жаңа тағайындауға дейін Шет ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы лауазымын атқарып келді.