ТАЛДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ!

ТАЛДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ!

Кеше ауданға қарасты Талды ауылдық округінің әкімі болып Абжанов Нұрлан Аманұлы тағайындалды. Жаңа әкімді аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы құттықтап, алдағы атқарар жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов арнайы ауылдық округ әкімінің куәлігін салтанатты түрде табыс етті.
Абжанов Нұрлан Аманұлы - 1972 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Жезқазған педагогикалық институтын "филолог" мамандығы бойынша бітірген. Нұрлан Аманұлы 2017-2019 жылдары “Қарағанды обылысының прокуратурасы” ММ аппаратының бас маманы, 2019 жылдан бері "Биата" ЖК басшысы қызметін атқарды.