
Кеше аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі болып 44 жастағы Смаилов Дархан Бекдарұлы тағайындалды. Жаңа әкімді аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов арнайы куәлігін табыс етті.
Смаилов Дархан Бекдарұлы - 1979 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қарағанды политехникалық колледжін "автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу", 2006 жыл - академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін "жол қозғалысын ұйымдастыру", 2018 жыл - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген. Дархан Бекдарұлы 2017 жылдан бері "Шет ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекция" бөлімінің басшысы қызметін атқарды.