
Шет ауданының тұрғындары биылғы жылғы «Дипломмен ауылға» атты қазақстандық бағдарламаның алғашқы қатысушылары болды. Оның негізгі санатында орта мектеп мұғалімі мен балабақша тәрбиешісі болып қызмет атқаратын жас мамандар. Бүгінгі күні аудан бойынша
6 жас маман "Отбасы банкі" арқылы алғашқы заемдарын алды.
Ашып айтқанда, ағымдағы жылдан бастап "Отбасы банк" «Дипломмен ауылға» бағдарламасының операторы болды.
Айтулы жоба жас мамандардың ауылдық елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе жаңадан баспана салуға заем беруді қарастырады. Несиенің ең жоғарғы сомасы 1500 АЕК-ке дейін, несие мөлшерлемесі 0,01% (ЖТСМ – 0,01% бастап). Сондай-ақ, бағдарлама аясында ауылдарда көтерме жәрдемақы төлеу қарастырылған.
Азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қолдауды алу процессін жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа көшірілді. Қазақстандықтардың өтініштері otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимінде қабылданады.
– Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында облыс орталықтарынан аудандарға, моноқалалар мен ауылдарға бағыт-бағдар бере отырып, Отбасы банкінің қызметін қайта жандандыру маңызды екенін атап өтті. Отбасы банк қазірдің өзінде бұл бағытта белсенді жұмыс істеуде. Бағдарламаға кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Ең бастысы, олардың қолында дипломы бар, бірқатар мамандықтар бойынша қызмет істеулері қажет. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).
Заем маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Несиенің максималды мерзімі – 15 жыл. Негізгі шарт – жобаға қатысушы өз мамандығы бойынша ауылдық жерде 3 жыл жұмыс істеуі керек.