
Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс - сапармен Нұраталды ауылдық округіне қарасты Ақсу, Қызылқой және Красная поляна ауылдық округіне қарасты Бекет ауылдарында болды. Сапар барысында аудан басшысы аталмыш елді мекендерде жаңадан салынып жатқан таза ауыз су құбырының құрылыс жұмыстарымен танысып, жауапты мердігерлермен кездесті.
Айта кету керек, қазіргі таңда аудан бойынша Бекет, Ақсу, Қызылқой, Еркіндік, Ақой, Ақшоқы, Ақбауыр елді мекендерінде ауыз су құбырын салу жұмыстары жүргізілуде.