
Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы жұмыс барысымен аудан аумағындағы Төменгі Қайрақты, Тағылы, Ақадыр елді мекендерінде болды. Аудан басшысы алдымен Төменгі Қайрақты, Тағылы ауылдық округтеріндегі фелдьшерлік - акушерлік пункті ғимараттарының құрылысын және Тағылы ауылында жүргізілген жол жөндеу жұмыстарын аралап көрді. Осыдан кейін, Ақадыр кентіндегі Ә.Ермеков атындағы мектептің құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, жауапты мердігерге бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен бірге, кенттегі емхана мен елді мекеннің қысқы мерзімге дайындығына байланысты жылыту отқазандықтарына жасалынып жатқан жұмыстардың барысын қарап өтті.
Сондай - ақ, аудан басшысы жоғарыда көрсетілген әр елді мекеннің тазалығын бақылап, ауыл, кент әкімдеріне анықталған кемшіліктерді жуық аралықта жоюды міндеттеді.