
Кеше аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Аталмыш отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның сала бөлім басшылары, ауыл, кент әкімдері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес аудан көлемінде ауыл шаруашылық құрылымдарында күзгі дала жұмыстарының барысы мәселесі қозғалып, өзара талқыланды. Сондай-ақ ағымдағы жағдайға сәйкес өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу шаралары туралы және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыстар жайлы жауапты бөлім басшылары баяндама жасады. Жиын соңында аудан басшысы күзгі дала жұмыстарының жоспарлы өтуін тиісті деңгейде ұйымдастыруды, шөптің бағасын тұрақтандыруды бойынша қажетті шараларды қабылдауды атап өтті. Сонымен қатар, басқада мәселелер бойынша тиісті басшылыққа бірқатар тапсырмалар берді