КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Аудан орталығындағы мәдениет үйінде еліміздегі мемлекеттік мереке - Конституция күніне орай, «Өркендеумен тұрақтылықтың кепілі – Ата заң» атты салтанатты шара өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров қатысып, барша тұрғындарды меркемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Салтанатты жиында ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосқан, сала ардагері И.Жолғұтты мен елімізге белгілі актер, жерлесіміз А.Бектеміровке Шет ауданының Құрметті азаматы төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ аудан басшысы, әр салада жемісті еңбек етіп жүрген бір топ аудан азаматтарын аудан әкімінің “Құрмет грамотасы” мен Алғыс хаттарымен марапаттады. Осыдан кейін, шырайлы шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен көрікті кешке арнайы шақырылған еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваның концерттік бағдарламасына ұласты.