
Ауданымызға қарасты С.Сейфуллин кентінде мереке қарсаңында 2 отбасыға жаңа тұрғын үйдің кілттері табысталды. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында кейінгі жылдары ауданымызда бастапқы нарықтан тұрғын үй сатып алу жақсы үрдіске айналған. Биылғы жылы аталмыш кентте 6 жаңа тұрғын үйдің құрылысы басталып, 2 үйдің құрылысы жақында аяқталған болатын. Осыған дейін, ауданымызда әлеуметтік осал топтағы және көп балалы отбасылар санатында үй кезегінде тұрып келген отбасылар мереке қарсаңында қуанышқа бөлеген аудан әкімі мен барша жанашыр жандарға ақпейіл алғыстарын білдірді.