АУДАН БАСШЫСЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН АРАЛАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН АРАЛАДЫ

Аудан әкімі М.Мұхтаров аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Нақтырақ айтқанда, Ақсу – Аюлы ауылында салынып жатқан 24 және 8 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына жауапты мердігерлермен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады. Айта кетейік, аталмыш тұрғын үйлер әлеуметтік осал топтағы және көп балалылар кезегінде тұрған отбасыларға алдымыздағы мерекеге орай 4 пәтер, ал қалған пәтер желтоқсан айында берілетін болмақ. Осыдан кейін, аудан басшысы аудандық кірістер басқармасы ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын аралап, құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ, аудан әкімі ауылдың тазалық жұмыстары бойынша бірнеше ескертулер жасап, жауапты басшылыққа жуық арада тиісті шараларды жүзеге асыруды айтып өтті.