АУДАН ӘКІМІ АҚАДЫРДА

АУДАН ӘКІМІ АҚАДЫРДА

Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс - сапар барысымен ауданға қарасты Ақадыр кентінде болды. Аталмыш сапар барысында аудан басшысы салынып жатқан тұрғын үйлер мен 24 пәтерлі үйдің құрылыс жұмыстарын көрді. Сонымен қатар, аудан әкімі кенттегі екі қабатты төрт үйдің шатырының жұмыстарын және Ә.Ермеков атындағы мектебінің қосымша салынып жатқан асхана мен спортзал құрылысын қарап, көріп қайтты. Сондай-ақ, Т.Аубакиров пен Мұсахметов атындағы көшелердің жолдарына жасалып жатқан орташа жөндеу жұмыстарын көрді. Айта кетейік, қазіргі таңда кенттегі көп балалы отбасыларға және әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрған отбасыларға жаңадан салынып жатқан 24 пәтерлі тұрғын үй алдағы мерекеге орай, ал қалған 2пәтерлі 8 тұрғын үй қазан айында табысталады деп күтілуде. Кенттегі 2көшенің орташа жөндеу жұмыстары тамыз айының соңында ел игілігіне пайдалануға берілетін болмақ, ал, екі қабатты төрт тұрғын үйдің шатырлары қыркүйек айында толығымен жаңартылатын болады.