Жолдарды жөндеу - маңызды іс

Жолдарды жөндеу - маңызды іс

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында еліміздің ішкі байланысын жақсарту үшін көлік инфрақұрылымын дамыту қажеттілігін атап өтті.
Көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекеттің экономикалық әлеуетіне әсер ететін негізгі құрамдас бөліктердің бірі болып табылады. Тиімді көлік инфрақұрылымы өндірістік процестерді жеделдетіп қана қоймай, аймақішілік ынтымақтастықты нығайтады, сонымен қатар халықтың қолайлы өмір сүру ортасы үшін аймақтық инфрақұрылымның жүйелі дамуына ықпал етеді.
Осы орайда, аудан аумағында жол инфрақұрылымына байланысты тағы бір жоба яғни, аудандық маңызы бар "56-ы разъездіге кіреберіс, км 0-36" автомобиль жолының 0-15 км бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары (суық ресайклер әдісімен жолдың негізі нығайтылып, 90000 м2 асфальт жабыны төселді) жүргізіліп, аяқталды.
Айта кетерлігі, жөндеу жұмыстары жүргізілуі мен қаржыландыруы 2022-2023 жылдарының жоспарына енгізіліп, бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жоспардан тыс, яғни мерзімінен бұрын аяқталып, халықтың пайдалануына берілді.
Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: республикалық және облыстық бюджеттің қаражаты.
Тапсырыс беруші: Ауданның ТКШ ЖК АЖ және ТҮИ бөлімі.
Жауапты мердігер: "Жана-Арқа 2006" ЖШС