
Қарағанды қаласындағы Достық үйінде облыстық "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Аталмыш байқауға Облыс бойынша 315 отбасы қатысып, жерлестеріміз Амриндер отбасы бас жүлдені (Гран-при) ұтып алды. Елубай ақсақал мен Шәктай әже 65 жыл отау құрып, 9 баланы тәрбиелеп, өсіріп одан 32 немере, 30 шөбере көріп отырған ордалы отбасының бәйтеректері. Елубай ақсақал еңбек және тыл ардагері болса, Шәктай апа алтын құрсақты ана екені баршаңызға мәлім. Сонымен қатар Амриндер отбасы диплом және қаржылай 1 000 000 теңге көлемінде сертификат табысталды. Жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз 👏👍💐