КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімінің м.а. Д.Карсембаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Аталмыш отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның сала бөлім басшылары әкімдіктің жиын залына келіп қатысса, ауыл, кент әкімдері ZOOM қосымшасы арқылы қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасының аудан көлемінде орындалысы туралы, Бұрма, Батық елді мекендеріндегі балалар ойын алаңдарының жағдайы туралы мәселелер қозғалып,талдау жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ ағымдағы жағдайға сәйкес өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары туралы және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары,БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыстар жайлы жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Жиын соңында аудан басшысының м.а. ауыл,кент әкімдері мен бөлім басшыларына көтерілген мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.