СПОРТ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҚТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҚТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорт саласының саңлақтары марапатталды. Аталмыш жиында аудан әкімінің м.а. Д.Карсембаев өлкеміздің спортшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге ауданымыздың атын сырт жерлерге танытып жүрген саңлақ спортшылар мен жаттықтырушылар арнайы шақырылып қатысты. Кездесу барысында аудан басшысының м.а. биылғы жылы облыс, республика, азия, әлем деңгейінде жеңімпаз атанған спортшыларды марапаттап, аудан әкімінің қаржылай сертификаттарын табыстады.
Нақтырақ айтқанда, пауэрлифтингтен Әлем чемпионы Д.Оспанов, самбодан Азияның күміс жүлдегері С.Айнатаев, дзюдодан Азия жеңімпазы Қ.Сағындық, халықаралық марафон жеңімпазы Ж.Төлеутай, самбодан Азия жеңімпазы Б.Манабаев, дзюдодан Азия жеңімпазы Д.Жұмажан, дзюдодан Азияның қола жүлдегері А.Каргулов, дзюдодан жазғы спартакиаданың қола жүлдегері Ж.Смагулов, қазақ күресінен Азияның қола жүлдегері А.Дартаев, пауэрлифтингтен Азияның қола жүлдегері А.Марченко, қол күрестен Азияның қола жүлдегері Е.Орынбай, тоғызқұмалақтан Еуропа кубогінің жеңімпазы А.Қожанәсіп және көкпар мен аударыспақтан аудан құрамасы Облыстық ұлттық спорт түрлерінен фестиваль жеңімпаздары, футболдан Ақсу-Аюлы құрамасы облыстың әуесқой футбол лигасының жеңімпаздары және “Сарыарқа-2023” облыстық спартакиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудан әкімінің қаржылай сертификаттарына ие болды.
Сондай – ақ, өз кезегінде спортшылар қауымы да жылы лебіздерін жеткізіп, арнайы құрметтеп жатқан аудан әкімдігіне алғыстарын білдірді.