«ШЕТ ЖАСТАР FEST – OPEN AIR» - ашық аспан астындағы ауқымды шара

«ШЕТ ЖАСТАР FEST – OPEN AIR» - ашық аспан астындағы ауқымды шара

Халықаралық жастар күні және жастар ресурстық орталығының 10 жылдық мерейтойына арналған «Шет жастар fest – Open Air» атауында аудан әкімдігінің қолдауымен және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көрікті кеш өтті.
Мерекелік кешке аудан аумағындағы жүздеген жастар арнайы келіп қатысып, аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Карсембаев жалынды ұл – қыздарды мейрамдарымен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді. Сондай - ақ, аудан басшысының міндетін атқарушы бірнеше жасқа жыл сайын жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында берілетін аудан әкімінің қайтарымсыз грант сертификаттарын және белсенділігі үшін аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстаса, аймағымыздағы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Б.Әлімжанов құттықтау сөз сөйлеп, әр салада үздік жетістіктерге жеткен жастарға түрлі номинациялар табыстап, өз ризашылығын жеткізді.
Ал, ауданымыздағы Жастар ресурстық орталығының директоры А.Ахметов жастарды мерекелерімен құттықтап, «Жасыл ел» сарбаздарына «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтарын табыстады. Марапаттау рәсімінен кейін, елімізге белгілі DOS, Гүлнұр Оразымбетова, Мади Қадыров, Мұхтар Олғаспаев, Аргоня және Қанай сынды танымал эстрада жұлдыздары әсем әндерін шырқап, қалың қауымның ыстық ықыласына бөленді. Шара соңы түнгі аспан астындағы көздің жауын алатын мерекелік от шашуға ұласып, жастарға арналған би кешімен аяқталды.