ТУҒАН ЖЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

ТУҒАН ЖЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Халықаралық жастар күні және жастар ресурстық орталығының 10 жылдық мерейтойына арналған «Шет жастар fest – Open Air» мерекелік кешінде шежірелі Шет өлкесіне арналған «Шет ауданы гимні» атты тағы да бір әсем әннің тұсауы кесілді. Ән авторы талантты әнші, композитор Ұшқын Жамалбек болса, мәтінін исі қазаққа танымал айтыскер ақын-жырау, жерлесіміз Тілеген Әділов жазған. Ән орындаушысы өлкеміздің перзенті, әнші Алмаз Құттыбай. Ардақты атамекеннің айрықша бағасын сездіріп, жан – дүниенді балқытатын сырлы сазға арнайы түсірілген бейнеролик тұрғындар тарапынан жоғары баға алып, көпшіліктің құрметіне бөленді.
Осы орайда, аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Карсембаев барша қауымды жаңа әннің тұсаукесерімен құттықтап, ән авторларына ризашылығын жеткізіп, ақын Тілеген Әділов пен Алмаз Құттыбайға аудан әкімінің атынан сый – сияпатын табыстады. Өз кезегінде қос өнерпазда қолдауын көрсетіп, ыстық – ықыласын көрсетіп жатқан барша ағайынға ақжарма тілектерін жолдады.