
Шет ауданының орталығында халықаралық жастар күні және жастар ресурстық орталығының 10 жылдық мерейтойы аталып өтті. Ақсу – Аюлы ауылының орталық стадионында «Шет жастар fest – Open Air» атауымен ерекшеленген кеште облысымыздағы «JAIDARMAN» ойындарының белді командалары қатысып, өрнекті өнер көрсетті.
Әдемі әзілдермен әрленген жалынды жастарды жиналған қауым жақсы қабылдап, көтеріңкі көңіл – күй сыйлаған өнерпаздарға ризашылықтарын жеткізді.