“Республика партиясы” ҚБ Қарағанды облысы филиалының төрағасы мен өкілдері және “Statrkino” ҚБ төрағасы мүшелерімен мәжіліс залында ауданның басшылығымен кездесу өтті.
Аталмыш кездесу барысында аудан аумағындағы кәсіпкерлікті дамыту, кәсіби мамандарды оқыту және қолөнершілерді қолдау мәселесі қарастырылып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Жиын аяқталысымен делегация полиция, аурухана, агро колледждің ғимараттарына барып, жұмыстарымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.