КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімінің м.а. Д.Карсембаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес ҚР Конституция күні және аудан орталығында өтетін Жастар күнін ұйымдастырылуы талқыланды. Сонымен қатар, Кеншоқы, Шет, Ақшоқы елді мекендеріндегі балалар ойын алаңдарының жағдайы туралы мәселелер қозғалып, келешекте жасалатын жұмыстар жоспарланды.
Сондай-ақ ағымдағы жағдай бойынша Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары,
БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыс туралы жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Жиын соңында аудан басшысының м.а. ауыл,кент әкімдері мен бөлім басшыларына көтерілген мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.