
Құрметті теміржолшы, Ақадыр теміржол стансасын 40 жылға жуық басқарған Бектұрсынов Елен Аркенұлына арнап ауданға қарасты Ақадыр кентіндегі теміржол вокзалы ғимараты қабырғасына мемориалды тақта орнатылды.
Аталмыш тақтаның ашылуына теміржол саласының басшылары, әріптестері, туған-туыстары, кент тұрғындары қатысты.
Ашылу салтанатында Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров, облыстық мәслихаттың депутаты Р.Әбдікеров, еңбек ардагері, Құрметті теміржолшы, Елен Аркенұлымен ұзақ жылдар бірге қызметтес болған А.Төлеушин, Шет ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Ә.Бәкіров, ҚТЖ Қарағанды бөлімшесі тасымалдау процесі департаментінің директоры М.Жамбыловтар сөз сөйлеп, Е.Аркенқлының өнегелі өмір жолы, кісілік келбеті, адамгершілігі жайында өздерінің естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, Елен Аркенұлының бауыры, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Қ.Мұқашев ағайын-туыстары атынан аталмыш мемориалдық тақтаның орнатылуына қолдау көрсеткені үшін аудан әкімдігіне, Қазақстан теміржолы басшылығына алғысын білдірді.
Шара соңында марқұмның рухына дұға бағышталып, ас берілді.