АУДАН СПОРТШЫЛАРЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА!

АУДАН СПОРТШЫЛАРЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА!

Ағымдағы жылдың 26-28 шілде аралығында Қарағанды қаласында дәстүрлі “Сарыарқа-2023” облыстық жазғы ауыл спартакиадасы өтті. Кенді аймақтың саңлақ спортшылары бас қосқан байрақты додаға ауданымыздың атынан команда құрамында жалпы саны 79 адам қатысып, жоғары өнер көрсетті. Нақтырақ айтқанда спортшыларымыз шағын футболдан шаршы алаңда барлық қарсыластардан басым түсіп жүлделі І-орынды жеңіп алса, волейболдан ұлдар және қыздар арасындағы ойындарда ІІ-орынды, тоғызқұмалақ, асық ату спорттарынан да ІІ-орыннан көрініп, кір тасын көтеруден ІІІ-орынға табан тіреді. Нәтижесінде жалпы командалық есепте 7 аудан арасында ІІ орынды иеленді. Ажарлы ауданымыздың абыройын асқақтата білген спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтап, әлі де биік асуларды бағындыра берсін демекпіз..