Облыс әкімі Е.Бөлекбаев Шет ауданына қарасты Ақадыр кентінде арнайы іс - сапармен болып, елді мекенде жүріп жатқан құрылыс және қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарымен танысты

Облыс әкімі Е.Бөлекбаев Шет ауданына қарасты Ақадыр кентінде арнайы іс - сапармен болып, елді мекенде жүріп жатқан құрылыс және қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарымен танысты

облыс әкімі Е.Бөлекбаев Шет ауданына қарасты Ақадыр кентінде арнайы іс - сапармен болып, елді мекенде жүріп жатқан құрылыс және қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысы ең алдымен көп балалы отбасыларға арнайы бірінші нарықтан сатып алынатын және кенттегі 12 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Келесі кезекте, тұрғын үйлердің отқазандықтарын көріп танысты. Сонымен қатар, кентте жүріп жатқан аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарын, Ә.Ермеков атындағы мектептің құрылыс жұмыстарында барып көрді. Іс - сапар соңында кентте салынған ішкі көше жолдарының сапасын көріп, абаттандыру жұмыстарын аралап шықты.
Айта кетейік, қазіргі таңда кенттегі 12 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында және бірінші нарықтан сатып алынатын 2 пәтерлі 4 үйдің құрылысы қазан айында аяқталып, аталмыш баспаналар кезекте тұрған әлеуметтік осал топ санатындағы және көп балалы отбасыларға берілетін болады. Қазіргі күнде, кент ішілік 6 көшенің жолдары орташа жөнделіп, асфальтталды. Ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін қосымша 3 көше жолдары орташа жөндеуден өтуі және кенттегі ауруханаға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Кенттегі ықшамауданның балалар ойын алаңын жаңартып, көлік қоятын автотұрақтар жасалынды. Ал, Ә.Ермеков атындағы мектептің сыртқы қасбеті жаңартылып, мектепке қосымша спортзал мен асхана құрылысы жүргізілуде.
Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы тиісті мекеме басшыларына нақты мерзімдерін айтып тапсырмаларды берді.