МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУДАНЫМЫЗДА!

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУДАНЫМЫЗДА!

Ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов арнайы жұмыс сапарымен келді.
Белгілі халық қалаулысын аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған әкімдік өкілдері қарсы алып, «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын мектептің орны мен жоспарлы жұмысымен таныстырды. Осыдан кейін, мәжіліс депутаты әлеуметтік осал топтарындағы тұрғын үйге мұқтаж отбасыларға арнайы бірінші нарықтан сатып алынатын үйлердің құрылысымен және аудан орталығында іске асырылатын жоспарлы жобаларды аралап көрді.
Іс – сапар сонында Асхат Аймағанбетов кездесу ұйымдастырып, оған аудан басшысы бастаған әкімдік өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, «Amanat» партиясы филиалының, аудандық қоғамдық кеңестің, ақсақалдар алқасының төрағалары мен мүшелері, ауыл белсенділері, сондай-ақ облыстық басқарма өкілдері қатысты.
Жиында халық қалаулысы ауданда салынып жатқан және алдағы уақытта салынуы тиіс нысандардың құрылысына тоқталып, қатысушы азаматтар көкейіндегі түйткілді мәселелерін көтерді. Олардың бірқатарына сол жерде жауап берсе, жерге қатысты және басқада мәселелердің шешімін табылуына алдағы уақытта ықпал ететінін жеткізді.
Кездесу соңында мәжіліс депутаты тұрғындармен жеке қабылдау өткізді.