КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

Кеше аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен Шет ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Айтулы отырыстың күн тәртібінде объектілерді салу және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде жасалатын сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу, мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттер, ауданы бойынша Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағыты шеңберіндегі жобалардың іске асырылуы туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде көтерілген тақырыптар аясында тиісті сала бөлім басшылары баяндама жасап, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, аудан басшысы аталмыш жұмысты тұрақты бақылауға алып, барлық қажетті іс-шараларды іске асыруды тапсырды.