ЖЕРЛЕСІМІЗ ЕКІ МӘРТЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЕКІ МӘРТЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Жуырда Гонконг қаласында жерлесіміз Оспанов Дарибай ағамыз 70 жастан жоғары 83 келі салмақ дәрежесінде ветеран М-4 подгруппасында поуэрлифтингтің екі түрінен сынға түсті. Аталмыш жарыста ағымдағы жылдың 26 маусым күні классика түрінен жерлесіміз зілтемірді отырып тұру арқылы 130 келі, жатып сығымдаудан 120 келі, ал становая тяга 150 келі көтеріп, жалпы нәтиже бойынша 400 келі ұпай жинап І - орын және 29 маусым күні экипировкалық түрінен жерлесіміз зілтемірді отырып тұру арқылы 150 келі, жатып сығымдаудан 150 келі, ал становая тяга 160 келі көтеріп, жалпы нәтиже бойынша 460 келі ұпай жинап екінші мәрте І - орын иеленіп, ардагерлер арасында абсолюттік жеңімпаз атанды. Осы орайда ардагер спортшымызды жеңісімен құттықтай отыра, жерлесімізге алдағы болатын байрақты бәсекелеріде сәттілік тілейміз.