ПОЛИЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ПОЛИЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында аудан орталығындағы полиция бөлімінің кіре беріс алаңында аудан аумағында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған ішкі істер органы қызметкерлерін еске алды. Ескерткішке гүл шоқтарын табыстау рәсімін аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев пен Шет ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі М.Менисов бастап, сала ардагерлері жалғастырды. Сонымен қатар, ерлікпен қаза тауып, жауынгерлік асқақ рухымен есте қалған жерлестерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ, аудан әкмінің орынбасары мен Шет ауданының полиция бөлімінің ардагерлер ұйымының төрағасы О.Қуанышбаев сөз сөйлеп, ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жандарын қиған батыр азаматтардың рухына тағзым ету және әркез еске алу барлығымыздың қасиетті міндетіміз екендігін тілге тиек етті.
Осыдан кейін, полиция күніне орай Ішкі істер органдарының Құрметті ардагері медалімен ішкі істер органдарының зейнеткері И.Жолғұттыұлы және бірқатар сала қызметкерлері Ішкі істер органдарының ардагері, І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» 20 жылдық, ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» 15 жылдық, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» 10 жылдық, «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерекелік медалімен, полиция майор атағымен және «Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің грамоталарымен марапатталды.