Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекеттік қызмет атқару – абыройлы міндет, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі.
Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы үшін жауапкершілік жүгі мемлекеттік қызметшілерге артылады. Сіздердің осындай жауапты салада еліміздің болашағына, оның өркендеуіне қосқан еңбектеріңіздің зор екендігі мәлім. Осы орайда, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің мәңгілік болуы жолында атқарып отырған еңбектеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметте толағай табыс тілеймін!
Құрметпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров.