
Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы – бәрінен қымбат. Сондықтан мемлекеттік биліктің қоғамдағы құқықтық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі Ішкі істер органдарының алар орны ерекше.
Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі – зор жауапкершілігімен, тәуекелшілігімен, қиындыққа төтеп беретін төзімділігімен ерекше құнды.
Өз қызметін асқан жауапкершілікпен қарап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алып, мемлекет тыныштығының сақталуына тынбай үлес қосып жүрген ел қорғандарының қатары көбейе берсін.
Қадірлі полиция қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ел мүддесі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
ЕЛІМІЗ АМАН, ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ БОЛСЫН!
Құрметпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров.