Қытай Халық Республикасынан жаяу шыққан қандас бауырымыз Есбол Асқарұлы аудан орталығы Ақсу-Аюлыға келіп жетті.
Атажұртына жаяу жеткен Есбол бауырымызды аудан әкімінің орынбасары Орал Стыбаев бастаған әкімдік қызметкерлері мен ұлттық киім киген мәдени сауық орталығының әншілері әннен шашу шашып, құрметпен қарсы алды.
Қасиетті Арқа жеріне 47 күнде жетіп, өзін құрметпен қарсы алған азаматтарға шынайы алғысын білдірген Есбол Астана күніне орай жолға шығып айтулы күні елордамыз Астана қаласына жетпек жоспары бар екенін айтты. Аспан асты елінен Ұлы далаға жаяу жүріп жеткен қандас бауырымызға сәт-сапар тіледік!